A+ A A-

talgatzhan 41 5-12-2024, 10:30 0

Самар ауданы әкімдігіне жеті ауылда интернет сапасының төмендегі туралы шағым түскен

Бүгін / Самар

Қазір аудандағы 22 елдімекеннің 94%-ы 3G және 4G мобильді интернетімен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Былтыр бұл көрсеткіш 87%-ды құраған еді.
- Бүгінде 706 адам тұратын жеті елдімекенде интернет желісінің жоқтығы мен жылдамдығының төмендігі туралы шағымдар түсуде. Бұл – Новостройка, Жаңажол, Қойтас, Қараөткел, Песчанка, Раздольное және Палатцы ауылдары. Соңғы аталған елдімекенде антенна-мачты тірек құрылысын орнату бойынша қаржыландыру күтілуде. Басқа ауылдардағы мәселе ұялы байланыс операторларымен бірге кезең-кезеңімен шешіледі. Биыл облыс бойынша 29 елдімекен кең жолақты интернет желісіне қосылды. Республикалық «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес қалған 155 ауыл 2027 жылдың соңына дейін қамтылмақ. Бірақ біздің міндет – бұл мәселені алдағы екі жылдың ішінде шешу, - деді Самар ауданы әкімінің орынбасары Қайдар Сурашев.
Сондай-ақ ауданда 19 білім беру ұйымының 18 мектебінде «Starlink» жинағы орнатылған. Аудан орталығында «Кселл» АҚ, «Кар Тел» ЖШС, «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС ұялы байланыс операторларының базалық стансалары жұмыс істейді. Айта кетейік, Самар ауданындағы демалыс орындарын интернетке қосу да өзекті мәселеге айналды. Қазірдің өзінде мұнда демалушылардың саны 55 мыңнан асады. Қайдар Сұрашевтың айтуынша, мәселені шешу үшін байланыс операторларымен жұмыс жүргізілуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив