Осы жылдың қазан айында қазақстандық кинотеатр билеттерінің бағасы орта есеппен 2,1 мың теңгені құрады, бұл былтырғымен салыстырғанға 5%-ға көп, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бағаның күрт өсуі Қарағанды облысында тіркелді (27,7%). Сондай-ақ Қостанай (16,4%) және Шығыс Қазақстан (11,2%) облыстарында да қымбатшылық байқалады.
Павлодар облысында керісінше билет бағасы 1,1%-ға төмендесе, Ақтөбе облысында 10,9%-ға арзандаған.
Қазақстандағы ірі қалалардың ішінде ең жоғары баға Өскеменде тіркелді. Тұрғындар кино көру үшін 3 мың теңге төлейді. Түркістан мен Атырауда билет бағасы 2700 теңге, ал Орал, Семей және Тараз қалаларында 1600 теңге тұрады.
Пікірлер