Оқиға бірнеше күн бұрын Комсомольская көшесіндегі дүкен маңында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Бала нан алып, сыртқа шықты. Бір минуттан соң оның айқайлаған даусын етіп, терезеге қарадым. Бес үлкен иттің баланы қоршап, тістеп жатқанын көріп, бірден сыртқа шықтым. Иттерді қуып жібердім. Бала шошынғаннан қатты жылап, денесінің ауырып тұрғанын айтты, - дейді дүкен иесі Екатерина Романен.
Ауруханаға жеткізілген баланың қолы, аяғы мен арқасында жарақаттар болды.
- Қазір баламды аялдамаға дейін өзім шығарып салып, күтіп аламын. Мұндай оқиғаның қайталануынан қорқамын, - деді оқушының анасы.
Оқиға орнында полицейлер мен қалалық мамандандырылған ветеринарлық бөлімшенің қызметкерлері тексеріс жүргізді.
- Бізге зардап шеккен тараптан арыз түсті. Иттер мекендейтін жерді бірден іздестіруге көштік. Ол жерде тағы он шақты жануардың бар екені анықталды. Тоғызын оқшаулап, арнайы орынға жібердік, - дейді учаскелік полиция инспекторы, капитан Ернат Сағындықов.
Пікірлер