Қаланың сол жағалау бөлігінде медициналық мекемелер жетіспейді, деп хабарлады Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл мәселені аймақ басшысы Ермек Көшербаев қалалық әкімдіктің отырысында тілге тиек етті. Ол Өскеменнің жаңа әкімі Алмат Ақышовқа бұл мәселені қысқа мерзімде шешуді тапсырды.
- ЖМК ауданы мен жаңа шағын аудандарда медициналық мекемелер тапшы. Мұнда жаңа аурухана салу керек. Қазір барлық сұрақты пысықтап, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау қажет, – деді облыс әкімі.
Пікірлер