A+ A A-

talgatzhan 38 12-12-2024, 14:34 0

ШҚО әкімі Өскемендегі котлованды ретке келтіруді тапсырды

Бүгін / Өскемен

Аймақ басшысы қала әкімі Алмат Ақышовқа котлован маңын демалыс орнына айналдыруды жүктеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мұнда тұрғындар бұрыннан бері суға шомылып жүр. Алайда ол ешкімнің бақылауына алынбаған, рұқсат етілмеген жағажайға жатады. 
- Біз котловандардың жағдайын жақсартуды бастауымыз керек. Ертіс суық, ешкім суға түспейді. Ал котлован антисаниятариялық жағдайда тұр. Мен жақын орналасқан кәсіпорындарды бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде осы жобаға қатысуға шақырдым, - деді Ермек Көшербаев.
Оның айтуынша, котлованда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары судың сапасын зерттеген болатын.
- Бізге бұл жерді жабдықтау керек. Бірнеше жылдан кейін қалаған нәтиежеге қол жеткіземіз деп ойлаймын. Жұмысты көктемде бастай беруге болады. Бірақ қыста да адамдар балық аулап, мұз үстіне шығып жүр. Бұл да кәсіпті дамытудың бір мүмкіндігі саналады, - дейді облыс әкімі.

Фотосурет: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив