A+ A A-

talgatzhan 35 10-01-2025, 11:30 0

Ұлттық ұланның сарбаздары екі мыңннан астам қылмысты анықтады

Бүгін / ШҚО

Айналасын шолып, қала көшелерін бақылауға алған Ұлттық ұлан сарбаздарына ел сенім артады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметінше, сарбаздар өткен жылдың  ішінде екі мыңға жуық  тәртіпсіздіктің  жолын кесті.

- Мерзімді әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығы жоғары деңгейде. Қазіргі таңда синтетикалық  заттарды тасымалдаушылар  саны  жиіледі. Сондықтан олар назарға іліккен әрбір  адамды жіті бақылауда ұстайды. Жауынгерлерге шексіз алғысын білдіріп, әскери бөлімге келетін қала тұрғындарының саны басым, - дейді  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы, полковник Сергей Сергеев.

Қоғам тыныштығын бақылауда басынан бақайшағына дейін жауынгерлік рух есетін ұландықтардың ұстамы берік. Ауа-райының қыңыр мінезіне қыңқ етпейтін  қырағылық қырандары  қала тұрғындарының есендігі үшін  ессіз ерлікке баруға әркез даяр. Өткен жылы өлшеусіз ерлік танытқан әскери қызметшілердің еңбегі еленді. Атап айтсақ, Мемлекет басшысының үкімімен Үлбі өзеніне батқан қызды құтқарған 6699 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтер Пермабек Жанасбек III дәрежелі Айбын орденімен марапатталды. Ал 3477 әскери бөлімінің штаб бастығы подполковник Денис Шемет оқу-жаттығу кезінде көрсеткен өлшеусіз ерлігі үшін Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі Айбын орденіне ие болды. 

Қала тыныштығын қамтамасыз ететін  Ұлттық ұланның  сарбаздары  өңірдегі  түзеу мекемелерін сондай-ақ мемлекет үшін аса маңызды мекемелерді де  баса назарда ұстайды. 2024 жылы жауынгерлер  темір тордың ар жағына тыйым салынған заттарды  лақтырмақ болған  алпыстан астам күдіктінің жолы кесіпті.   

Биыл Ұлттық ұланның құрылғанына 33 жыл толды. Бұл уақыт ішінде құқықтық тәртіп әскерінде қызмет етуге құлшынысы артқан азаматтар қатары көп. Әсіресе, былтыр Отан алдындағы борышын өткеруге келген сарбаздың  сексенге  жуығы  келісімшарт бойынша қызметке тұрды.  

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив




Пайдалы


Руханият

Қалаға хат 3-02-2025, 10:55

Жұлдыз жорамал

{calendar}