
Жол жылының қорытындысы: Облыста былтыр қай жолдар жөнделді?
Шығыс Қазақстан облысында 2024 жыл – Жол жылы деп жарияланғаны белгілі. Себебі өңір халқын толғандырған өзекті мәселелердің ішінде жолдың жайы алдыңғы лекте тұр. Шұрық тесік жолдардан бір жерден екінші жерге жету мұң. Туристердің де сулы да нулы өлкеге көп ат ізін сала бермейтіні де сондықтан болар. Бұл мақалада былтыр өңір көлемінде қай жолдардың жөнделгені жайлы сөз етпекпіз, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Күршім
Ертістің арғы беті мен бергі бетін жалғайтын Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің салынғаны кеше ғана. Жап-жаңа көпірмен зулап өтіп Күршімге жеткенде жолдың жайы жақсы болса жанға медеу. Ауданда жергілікті маңызы бар жолдың үлесі - 134 шақырым. Соның 85,4%-ның жағдайы қанағаттандырарлық деп бағаланса, 19,5 шақырым жол жөндеуді қажет етеді.
- Ауылішілік 140 шақырым жолдың - 16 шақырымы жақсы жағдайда, 71 шақырымы қанағаттанарлық жағдайда, ал 53 шақырымы жөндеуді қажет ететін жолдар, яғни қанағаттанарлық жағдайдағы жолдың үлесі - 62,1 %, - делінген Күршім ауданының Сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі берген ресми жауапта.
Былтыр аудан бойынша жалпы жалпы 20,405 шақырым жол жөнделгені белгілі болды.
- Күршім ауданы бойынша 2024 жылы 7 ауылдың ауылішілік 8,405 шақырым жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Олар: Ақши ауылы (Ақжал көшесі - 0,655 шақырым), Қаратоғай ауылы (Айтықов көшесі - 0,900 шақырым), Күршім ауылы (Достық көшесі - 0,4 шақырым, Аңғышпаев көшесі - 0,4 шақырым, Шәкәрім көшесі - 0,2 шақырым), Алғабас ауылы (Абай көшесі - 0,5 шақырым, Мектеп көшесі - 0,5 шақырым, Иманов көшесі 1 шақырым), Құйған ауылы (Қайырбаева көшесі - 1,45 шақырым, Жақиянова көшесі - 1,1 шақырым, Исабеков көшесі - 1,3 шақырым), - дейді бөлім басшысы Жанболат Жамелханұлы.
Өткен жылы Күршім ауданына қарасты жолдарды жөндеуге бюджеттен 1 406 464,7 мың теңге жоспарланған, алайда 1 168 219,00 мың теңге қаражат бөлініп, бірқатар ауылдың жолдары жөнделген.
- 2025 жылы аудан бойынша 8 ауылішілік және 1 аудандық маңызы бар жолды жөндеу жоспарланған. Нақты айтқанда, Алғабас ауылы, Топтерек ауылы, Қаратоғай ауылы, Сарыөлең ауылы, Қайыңды ауылы, Барақ батыр ауылы, Ақсуат ауылы, Үшбұлақ ауылы, Күршім ауылы, Бурабай ауылы, Бірлік ауылының көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары көзделген. Сондай-ақ жергілікті маңызы бар «KF KR-420 Маралды-Үшбұлақ» 25 шақырым автокөлік жолын орташа жөндеу жұмыстары жоспарға алынды, - делінген сұраухатқа берілген жауапта.
Өскемен
Өскемен қаласында қай жолдардың жөнделгенін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Ержан Ибраев жауап берді.
«Жыл көлемінде жалпы көлемі 34,9 шақырым болатын 38 жол учаскесі орташа жөнделді. Атап айтқанда, Үлбі көпіріндегі С.Нұрмағамбетов көшесі, Қайсенов көшесінен Протозанов көшесіне дейін, «Дина» базарының басынан Интернациональная көшесіне дейінгі Абай даңғылы, Әуезов даңғылынан Жеңіс даңғылына дейінгі Крылов көшесі, «Комфорт» сауда үйінен Интернациональная көшесінің тұсындағы көпірге дейінгі Тимофеев көшесі. Астана көшесінің бойындағы жаңа жағалау бойымен көлік қозғалысы ашылған. 2024 жылы 7 оң жақ бұрылыс жолдың құрылысы аяқталды. Бүгінде қала бойынша осындай 60 бұрылыс бар», - дейді ол.
Бұдан бөлек, Металлургтер көшесі, Новаторлар көшесі, №47 мектептен шығатын жол, Высоковольтная көшесі, Красин кентіндегі бірнеше көше, Буров көшесінен Новаторлар көшесіне дейінгі Қабанбай батыр көшесі, Ползунов, Шмелев Лог, Багратион, Первомайская, Урожайная, Васильев, Чехов көшелері жөнделген. 2025 жылы шаһардағы орташа жөндеуден өтетін көшелер келесідей:
• Абай даңғылы мен Интернациональная көшесінің қиылысынан бастап «Старый подхоз» автобус аялдамасына дейін;
• Үлбі арқылы өтетін көпірге дейінгі жолды қоса алғанда Шәкәрім даңғылы мен Абай даңғылдары;
• Қабанбай батыр көшесі, Новаторов көшесінен Малдыбаев көшесіне дейін;
• Интернациональная көшесі арқылы өтетін Үлбі көпірі;
• Крылов және Астана көшелері тұсындағы Үлбі арқылы өтетін көпір;
• Рейша көшесі;
• Назарбаев даңғылындағы Виноградов көшесінен 30-шы Гвардиялық дивизия көшесіне дейінгі жол;
• Қазақстан көшесінен бастап, Горький көшесінен Бейбітшілік көшесіне дейінгі жол;
• Қазақстан көшесінен Буров көшесіне дейінгі жол;
• Севастопольский көшесі;
• Көкжал Барақ көшесі, Сәтбаев даңғылынан Солтүстік магистральға дейін;
• Вешный тұйық көшесі, Согринский көшесінен Егоров көшесіне дейін;
• Геологический көшесінен Волочаевский көшесіне дейін;
• «Болашақ» шағын ауданының Орталық көшесі;
• Брусиловский көшесі (автовокзал ауданы);
• Абай және Шәкәрім даңғылдарынан облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа баратын жол;
• Иванов көшесі (20-шағын аудан);
• 21-ші шағын аудандағы орталық көше.
(Жалғасы бар)
Дидар ЕРБОЛАТҚЫЗЫ
Соңғы жаңалықтарды ресми Instagram арнамыздан оқыңыз!
ТіркелуПайдалы

Руханият

Жұлдыз жорамал

Пікірлер