Қала тұрғыны автокөлік бөлшектерін сататын дүкенде ұрлық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, оқиға түнде болған. Күдікті медициналық бетперде тағып, бірінші қабаттағы есіктің шынысын сындырып, ішке кірген. Осылайша, тиын салынған қорап пен ақша купюраларын қолды еткен. Күдіктінің айтуынша, ол қаражаттың қайда сақталғанын алдын ала білген. Анықталғандай, ол бұған дейін бірнеше рет дүкенге су жеткізіп отырған.
Шығынның жалпы сомасы шамамен 600 мың теңгені құрайды. Оның бір бөлігі өндірілді.
Қазіргі таңда ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдіктіге мүлкін тәркілей отырып, екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Пікірлер