A+ A A-

talgatzhan 45 17-01-2025, 15:00 0

ШҚО-да 35 градусқа дейін аяз болады

Бүгін / ШҚО

Қазгидромет синоптиктері 18 қаңтардан 23 қаңтарға дейін Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Атлантикалық циклон ықпалынан Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы қалыптасады. Батыста, оңтүстікте және 20-21 қаңтарда елдің солтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Қазақстан бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ болжанған.

22-23 қаңтарда Шығыс Қазақстан, Алматы және Жетісу облыстарында жауын-шашын болжанып отыр.

22 қаңтардан бастап суық ауа массасы тарала бастайды, бұл ауа температурасының түнде едәуір төмендеуіне әкеледі:

батыста 10-20 градус аязға дейін;

солтүстік-батыста және солтүстікте 20-30 градус аязға дейін;

орталықта және шығыста 25-35 градус аязға дейін;

елдің оңтүстігінде 12-25 градус аязға дейін.

Синоптиктер қазақстандықтарды мұқият болып, қатты аязға және күрделі ауа райы жағдайларына дайын болуға шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив




Пайдалы


Руханият

Қалаға хат 3-02-2025, 10:55

Жұлдыз жорамал

{calendar}