Катонқарағай ауданының әкімі жергілікті белсенділермен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы аудан әкімдігінен мәлім етті.
- Шыңғыстай ауылының белсенді азаматтарын қабылдап, халықты толғандыратын өзекті мәселелерді талқыладық. 2013-2023 жылдар аралығында үздіксіз болған мал ұрлығының жағдайы талқыланды. Бұл мәселе қазіргі таңда аудандық және облыстық ішкі істер органдарының қатаң бақылауында екенін атап өттім. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, мал ұрлығына қатысы бар деген бірнеше азамат уақытша қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде, ал іс облыстық ішкі істер департаментінің басшылығының бақылауында болатынын жеткіздім, - дейді Катонқарағай ауданының әкімі Данияр Дюсембаев.
Сондай-ақ қабылдау барысында Бұқтырма өзенінің көктемгі су тасқынына дайындығы жайлы да сөз етілді.
- Өткен жылдың 22 қыркүйегінде Шыңғыстай халқымен кездесіп, жағдайды өз көзіммен көріп, мәселені бақылауға алған болатынмын. Сол кездегі жоспарға сәйкес, биылғы көктемгі су тасқынына дейін барлық дайындық жұмыстары толық аяқталатын болады. Ауыл тұрғындарына 2025 жылы ауылдық округтерде атқарылатын жұмыстар туралы ақпарат беріп, жоспарларымен бөлістім, - деді әкім.
Пікірлер