A+ A A-

talgatzhan 31 3-02-2025, 10:45 0

Шығысқазақстандық Анастасия Городко Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

Бүгін / ШҚО / Спорт

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Канаданың Вал-Сент-Ком курортында өткен Әлем кубогыгың кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Спортшы параллельді могулда сәтті өнер көрсетті. Жарыс барысында Городко жартылай финалда Францияның олимпиада чемпионы Перрин Лаффонды жеңді.

Шешуші жарыста қазақстандық спортшы АҚШ өкілі Джейлин Кауфпен кездесті. Нәтижесінде америкалық спортшы басымдық танытты.

Қола медальды Лаффон иеленсе, Юлия Галышева тоғызыншы орынға, ал Аяулым Әмренова 13-орынға тұрақтады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив