A+ A A-

talgatzhan 0 3-02-2025, 16:30 0

Қазақстан халқының саны 20 286 084 адамға жетті

Бүгін / Республика

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 20 286 084 адам болды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform-ға сілтеме жасап.


Оның ішінде:
қала тұрғындары – 12 774 743
ауыл тұрғындары – 7 511 341

Былтырғы жыл басынан бері халық саны 252 242 адамға өсті, оның ішінде табиғи өсім есебінен - 235 078 адамға, көші-қон есебінен 17 164 адамға.

Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 6,91% бен 2,86%, сондай-ақ Шымкент қаласында тіркелді – 2,80%.

Республикалық маңызы бар қалалардан басқа, бір миллионнан астам халқы бар облыстар – Түркістан (2,1 млн), Алматы (1,5 млн), Жамбыл (1,2 млн) және Қарағанды (1,1 млн).

Еске салсақ, 2050 жылы Астанада халық саны 3,5 млн адамға жететіні туралы жазған болатынбыз. 


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив