453.64 508.17 5.59
A+ A A-

Елімізде «E-Joldar» цифрлық платформасы әзірленіп жатыр

Елімізде «E-Joldar» цифрлық платформасы әзірленіп жатыр [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Елімізде республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын мониторинг ететін цифрлық платформа пайда болады. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform-ға сілтеме жасап.


- Қазір «E-Joldar» цифрлық платформасы әзірленіп жатыр. Ол тек республикалық емес, сондай-ақ жергілікті және қалалық жолдардың жағдайына да мониторингті қамтамасыз ететін болады. Көлік және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жыл соңына дейін аталған платформаны пилоттық режимде іске қосуды тапсырамын, - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Осы орайда Премьер-министр көлік және цифрландыру министрліктеріне нарықтағы барлық цифрлық қызметтерге екі ай мерзімде тексеру жүргізуді тапсырды.

- Отандық IT-компаниялардың автожол саласын дамытуға белсенді түрде жәрдемдесуге, көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға, рәсімдерді оңайлатуға және, ең бастысы логистиканы тиімді басқаруға қабілеті жеткілікті, - деп толықтырды ол.
Айта кетсек, былтыр елімізде жолдың сапасына қатысты тұрғындардан 40 мыңнан астам арыз-шағым түскен. 

Бұған дейін Үкімет басшысы елімізде жаппай жол апаты жиілеп кеткенін айтты. 

Сонымен қатар Олжас Бектенов БҚО әкімін жол сапасына қатысты сынады.


Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив