Ертістің сол жағалуында орналасқан «Maxi Mall» сауда үйі жазға дейін қолданысқа берілетіні мәлім болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Көлемі 50 мың шаршы метр болатын алып сауда үйінің құрылысына 14,5 миллиард теңге қаржы бөлінген. Бүгінде негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, жалға алушылар өздеріне тиесілі нысандарда жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
- «Maxi Mall» сауда үйі 2 қабаттан тұрады, нысанда 160 ойын-сауық орталығы және 1900 көлікке арналған тұрақ салынады. Сауда орталығында танымал брендтер дүкені, кинотеатр, балаларға арналған алаңқай, тамақтануға арналған орындар, супермаркеттер орналасады, - деді «Maxi Mall» сауда үйінің директоры Мәди Достаев.
Сауда үйіне 3 жақтан кіруге арналған жолдар салынады, жалпы кіріп-шығуға арналаған 4 есіктің біреуі арқылы көлік тұрағына шығуға болады.
- Сауда үйі жазға дейін қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Қала халқына, әсіресе, тұрғындар саны жыл санап артып келе жатқан Сол жағалау жұртына осындай ойын-сауық орталықтары қажет. Тұрғын үйлердің саны көп, ал демалысқа арналған орындар жоқтың қасы, - деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов.
«Maxi Mall» сауда үйінің директоры берген мәліметке сүйенсек, нысан мамыр айында ашылуы мүмкін.
Дидар ЕРБОЛАТҚЫЗЫ
Фотосурет: Еркежан ОРАЛҒАЗИНА
Пікірлер