Қала әкімдігіндегілердің айтуынша, мұндай шешім электр және гибридті көліктер санын арттыруға ықпал етеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
-Облыс орталығы бойынша электрокөлік бекетін орнату үшін 50 нүкте белгіленді. Инвесторларды тарта отырып, жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Біз электромобильдерді көбейтіп, танымал етуіміз керек. Қазір Өскеменде 126 мыңнан астам автокөлік тіркелген, оның 750-і электромобильдер. Ол экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал ете алады, - деді шаһар басшысы Алмат Ақышов.
Пікірлер