453.64 508.17 5.59
A+ A A-

Өскеменде ONAY жол ақысын төлеу жүйесі енгізіледі

Өскеменде ONAY жол ақысын төлеу жүйесі енгізіледі [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Ал Oskemencard картасының иелеріне ақшаны қолма қол шешу мүмкіндігі беріледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қала әкімі Алмат Ақышов қоғамдық көліктерде ONAY жүйесін орнату туралы келісімге қол қойылғанын мәлім етті.

-Бұл жүйе жолаушылар үшін ыңғайлы болады. Өйткені карталарды ұялы телефондағы қосымша арқылы онлайн толтыруға болады. Сондай-ақ жолаушылар тасымалы қызметін жетілдіруге де әсер етеді. Қазір қоғамдық көліктердің жұмысына қатысты шағымдар көп. ONAY жүйесін орнату арқылы біз жолаушылар саны мен әр автобустың бағытын көре алатын боламыз, - деді ол. 

Сондай-ақ Алмат Талғатұлы облыс басшысы Ермек Көшербаев ұсынған балалардың тегін жол жүруі туралы да атап өтті. 

-Балалар қаржы мәселесін ойламай, мектепке, үйге, спорт үйірмелеріне ыңғайлы жетуі керек, - деді шаһар басшысы. 

Сондай-ақ ол өзіне ONAY картасын ашқанын, оны өзі қолданып көретінін айтты.

Айта кетейік, ескі карталардың иелеріне лимитті жол жүру кезінде пайдалануға немесе оны қолма-қол алу шешуге мүмкіндігі беріледі.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив