453.64 508.17 5.59
A+ A A-

Ең көп электромобиль экспорттаған елдің қатарында Қазақстан да бар

Ең көп электромобиль экспорттаған елдің қатарында Қазақстан да бар [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

2024 жылы Өзбекстанның шет елдерден 24 мыңнан астам электромобиль импорттағаны белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Статистика агенттігінің мәліметінше, былтыр импорт 8 мың көлікке, яғни 1,5 есе өскен. Шекарадан кірген темір тұлпарлардың жалпы құны 224,8 миллион долларға бағаланып отыр.

Өзбекстандағы электрлі көліктердің импортты түгелдей дерлік (99%) Қытайдың үлесінде болып тұр (23 982 көлік). Одан кейінгі орынға 51 көлікпен Қазақстан жайғасса, Гонконг (17 көлік) пен Германиядан (15 көлік) да көрші елге электромобильдер барған.

Осыған дейін отандық БАҚ-та Өзбекстан жеңіл көліктің 80 пайызын Қытайдан импорттап жатқаны туралы ақпарат тараған еді. Өткен жылы көрші мемлекетке шет елдерден 1,28 миллиард долларға бағаланған 74,7 мың жеңіл көлік жеткізілген.

 

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив