453.64 508.17 5.59
A+ A A-

Өскеменде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Өскеменде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

11 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының барлық қалалары мен аудандарында Жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған іс-шараны Өскемендегі Шәкәрім даңғылы 149/10 мекенжайында орналасқан мансап орталығында ұйымдастыру жоспарлануда. Басталуы - сағат 10:00-де.

Жәрмеңкеге 24 жұмыс беруші шақырылды. Жұмыссыздар арасынан 60 ізденушіні және ЖОО-лардың 20 студенті қамтылмақ. 

Айта кетейік, биыл бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің аясында 3 292 адамды қамту жоспарланып отыр. Іс-шараның негізгі мақсаты - азаматтардың жұмыс берушілермен тікелей байланысы үшін жағдай (платформа) жасау, жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектерін және жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив