Тоқты
Кез келген жұмысқа жауапкершілікпен кірісіп, мақсатшылдығыңыз арқылы ғана қол жеткізе аласыз. Ұжымдағы басшылармен жақсы қарым-қатынас табысқа жетуіңізге ықпал етеді. Бірақ, асыра сілтеудің қажеті жоқ.
Торпақ
Дос-жарандарыңыздан түрлі ұсыныстар түсуі мүмкін. Іскерлік мақсатта болса талқылаудан еш тартынбаңыз. Тек есіңізде ұстауға тиіс жайт, бірыңғай жұмыс бабымен жүріп, сүйіктіңізді ұмытып кетпеңіз.
Егіздер
Қарызға, несиеге немесе сақтандыруға қатысты мәселелерді шешудің оңтайлы уақыты. Аптаның екінші жартысында аяқ асты жол жүріп, жоқ жерден шығындадып қалуыңыз мүмкін.
Шаян
Қазір рухани және интеллектуалдық ізденістерге бет бұрғаныңыз жөн. Көркем әдеби кітаптар оқысаңыз тіптен ғанибет. Апта ортасында ескі танысыңыз қоңырау шалып, әлдеқандай ұсыныс айтады.
Арыстан
Материалдық жағдайыңыз қазір басқа адамдарға тәуелді. Бәлкім басшылық жалақыңызды жоғарылатады, яки болмаса ықпалды серіктестер табасыз. Мұрагерлік, алимент, сақтандыру, салық, несие сұрақтары бойынша мәселерді біржақты етуге болады.
Бикеш
Аптаның екінші жартысы ұзақ сапарларды жоспарлауға қолайлы. Жоқ жерден шығын әкелетін істерден мейлінше аулақ жүруге тырысыңыз. Демалыс күндері дүкен аралап, таза ауада серуендеп қайтуға болады.
Таразы
Күтпеген тосынсыйларға дайын болыңыз. Көпшілігіне жағымды жаңалық болса, дәл сіз үшін керісінше болуы мүмкін. Қиындықтарға тап болсаңыз отбасыңыздан көмек сұрауға еш қысылмаңыз.
Сарышаян
Апта басында жұмыстан кешікпеуге тырысыңыз, қазір басшылық қалт еткен қимылыңызды бақылап отыр. Кәсіби шеберлігіңіз мәнсап баспалдағымен өрлеуге себепші. Біреу-міреу қарыз сұраса бас тартқаныңых жөн.
Мерген
Қандай істі қолға алсаңыз да тек оң нәтиже күтесіз. Сондықтан әр уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз. Арақ-шарапқа әуестенбеген жөн, әйтпегенде ескі сырқатыңыз сыр беруі ғажап емес.
Тауешкі
Кез келген істі бастарда жақындарыңызбен кеңесіп алсаңыз әбестік болмас. Жалпы, қазір жаңа жоспар бекітудің еш реті жоқ, әлі талай өзгерістер болуы кәдік. Ақша жағына келгенде сәл үнемдеп, орынсыз жұмсаудан аулақ болыңыз.
Суқұйғыш
Айналаңыздан ешқандай өзгеріс күтпеген жөн. Одан да бос уақытыңызды отбасыңызбен өткізіп, жарқын естеліктеріңізді көбейтіңіз. Барлығын қатырамын деп ешкімге уәде бермеңіз, әлдене дұрыс болмай қалуы мүмкін.
Балықтар
Жеткен жетістіктеріңізбен шектеліп қалмауға тырысыңыз. Сәттілік те әркез серік болмақ. Қомақты аржылық шығындарға тап болмауды ойласаңыз, осы бастан бизнес-жоспарыңызды тағы бір шолып шығыңыз.
Пікірлер