Қазақстандықтар ең көп тұтынатын бұқтырылған сиыр еті мен шпрот бағасын салыстырып көрді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform-ға сілтеме жасап.
Бұқтырылған ет Қазақстанға көбіне Ресей, Қырғызстан мен Өзбекстаннан, ал балық Ресей, Беларусь, Қытай мен Латвиядан әкелінеді.
Шпроттар
Өңірлерде шпрот бағасы орта есеппен алғанда 600 теңге тұрады. Бұл салмағы 160 грамм болатын шпрот. Ал шыны ыдыстағы салмағы 240 грамм болатын тауар бағасы 1000 теңгеден басталып 1800 теңгеге дейін жетеді.
Шпроттың ең арзаны Қызылорда қаласында. Мұнда 160 гр шпрот бағасы 550 теңге тұрады. Ал екінші орында Қостанай қаласы тұр. Мұнда баға 580 теңгеден басталады.
Ал Ақтөбе, Көкшетау, Қарағанды, Жезқазған, Өскемен, Семей мен Шымкентте, Петропавл, Павлодар және Түркістанда шпрот бағасы шамамен 600-700 теңге тұрады.
Ақтау, Атырау, Талдықорған, Тараз бен Оралда баға сәл қымбаттау. Мұнда шпрот 700-800 теңгеден сатылып жатыр.
Шпроттың ең қымбаты Астана мен Алматыда. Мұнда баға 930-950 теңге аралығында.
Бұқтырылған сиыр еті
Қазақстанда салмағы 350 гр болатын бұқтырылған сиыр етінің бағасы шамамен 1100 теңге тұрады.
Ақтөбе, Көкшетау, Петропавл мен Павлодарда баға төмен. Бұл аймақтарда бұқтырылған ет 500-800 теңге тұрады.
Ал бағасы 800-ден басталып, 1000 теңгеге жететін бұқтырылған сиыр етін Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Жезқазған, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Түркістан, Алматы мен Оралдан сатып алуға болады.
Астана, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Қызылорда, Петропавл мен Павлодарда бұқтырылған ет 1000-2000 теңге тұрады.
Семей мен Өскеменде бұқтырылған ет 2200 теңгеден сатылып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан қалаларында қой бағасы қанша тұратынын анықтап білдік.
Пікірлер