Бүгін Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының оқытушы-тренері Ләззат Әскербекқызы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ШҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлеріне "Мемлекеттік тіл және заң лингвистикасы" тақырыбында дәріс өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның мақсаты - өңірдегі мемлекеттік тіл саясатын және ҚР тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тіл туралы Тұжырымдамасын жүзеге асыру.
Дәріс барысында іскерлік сот құжаттарын қазақ тілінде дұрыс әрі сауатты толтыру, заң лингвистикасы, сонымен қатар осы салаға қатысты терминдер жайлы айтылды.

Пікірлер