Облыс орталығында Кривонос көшесінің бойындағы жеке үйдің аумағында монша жанып кетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Құтқарушылар 20 шаршы метр аумақтағы өртті ауыздықтап, көрші ғимараттарды қызыл жалыннан қорғап алып қалды.
Зардап шеккендер жоқ.
ШҚО ТЖД өкілдері қауіпісздік ережелерін сақтап, төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарлауды сұрайды.
Пікірлер