Құрылғының құны бір миллиард теңгеге жуық тұрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жапондық аппарат облыс әкімдігі мен ДСМ қолдауымен «Денсаулық сақтауды жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасы аясында сатып алынды.
-Енді балаларды МРТ-ға түсіру үшін республикалық орталықтарға жіберудің қажеті жоқ. Бұл аппарат травматологиялық, ортопедиялық, нейрохирургиялық және онкологиялық ауруларды дәл анықтауға мүмкіндік береді. Дәрігерлеріміз де арнайы дайындықтан өтті. Қазір Мәскеуден келген мамандар тәулік бойы жұмыс істейтін МРТ аппаратын орнатумен айналысуда, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мәдина Мырзабекова.
Айта кетейік, МРТ кабинетінде тек балалар ғана емес, ересектер де тексеріле алады.
Пікірлер