A+ A A-

talgatzhan 37 11-02-2025, 11:25 0

ШҚО-да есірткі таратумен айналысқан өзге өңірдің 3 тұрғыны ұсталды

Бүгін / ШҚО / Қылмыс

Облыста 25 есірткі құқық бұзушылығы анықталып, заңсыз айналымнан 3 келіге жуық әртүрлі есірткі құралы тәркіленді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тергеу барысында тәркіленген синтетикалық есірткілер «Мефедрон» мен «Альфа-PVP» екені анықталды. Есірткі тасымалы бойынша ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда.
- Полиция департаментінің қызметкерлері есірткі заттарын өсірумен айналысқан 2 есірткі зертханасының жолын кесті. Ішкі істер министрі жариялағандай, «Профилактика жылы» аясында жастар арасында нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу бойынша жұмыстар атқарылды. Қазіргі уақытта өңірде есірткі қылмысына қарсы күрес жұмыстары жалғасуда, - делінген ШҚО Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив