A+ A A-

talgatzhan 37 11-02-2025, 12:45 0

ШҚО-да екі тұрғын үй өртенді

Бүгін / ШҚО / Өскемен / Риддер

Төтенше жағдайдың бірі Өскеменде, екіншісі Риддерде болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Түнде облыс орталығында Қазақстан көшесіндегі бес қабатты үйдің пәтерінде өрт болды. 

Құтқарушылар баспалдақ маршымен 8 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарды. 15 адам эвакуацияланды. 

Өрттің жалпы аумағы 15 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ.

Ал Риддердегі Полевая көшесінде жеке тұрғын қызыл жалынға оранды. ШҚО ТЖД мамандары 80 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

ШҚО ТЖД өкілдері тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. 

Төтенше жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыздар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив