A+ A A-

talgatzhan 28 12-02-2025, 09:45 0

Қазақстан Transparency International жемқорлықты қабылдау индексіндегі позициясын жақсартуды жалғастыруда

Бүгін / Республика

Transparency International «Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі» халықаралық рейтингінде 2024 жылы Қазақстан нәтижелерін тағы да жақсартты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазақстан 40 ұпай жинап, 180 ел арасында 5 орынға көтерілді (88 орын).

Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді шаралардың арқасында қол жеткізілген жаңа тарихи көрсеткіш.

Әлем бойынша орташа балл 43, ал «Шығыс Еуропа және Орталық Азия» аймағында (19 ел) 35 болды. 

Қазақстан рейтингінің 2016 жылдан бастап айтарлықтай өскен ел ретінде атап өтілді – 11 баллға (29 баллдан) өсу.

Орталық Азия өңірі елдерінің ішінде Қазақстан ең жоғары позицияны иеленеді және рейтингті жақсартқан жалғыз ел болып табылады.

Индексте Қазақстаннан кейін Үндістан (38 балл), Индонезия (37), Аргентина (37), Сербия (35), Украина (35), Бразилия (34), Таиланд (34), Түркия (34), Беларусь (33), Ресей (22) және т.б. елдер орналасқан. 

Жемқорлықты қабылдау индексі – Қазақстанның рейтингін шығару үшін 9 түрлі ұйымның деректері пайдаланылған композиттік индекс болып табылады. 

Рейтинг мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың сараптамалық және бизнес-бағалауларына негізделген. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив