A+ A A-

talgatzhan 31 12-02-2025, 15:00 0

Былтыр қала бюджетіне 70 миллиард теңгеге жуық салық түсті

Бүгін / Өскемен

Өскемен қаласының әкімдігі өткен жылға арналған бюджеттің атқарылуы туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, қала бюджетіне меншікті кірістердің түсуі 100,3 пайызға орындалды. Болжам 75 523 912,6 мың теңге болса, 75 734 230,4 мың теңге түсті. Осылайша, жоспар 210 миллион теңгеге артық орындалды. 

- Салық түсімдері болжам бойынша 69 641 260,1 мың теңгені құрады. Салықтық емес түсімдер 334 378,0 мың теңгеге жетті, - делінген құжатта.

Айта кетейік, былтыр бюджеттің шығыс бөлігі 99,5 пайызға орындалды. Жоспар 126 930 661 мың теңге болса, орындалғаны 126 250 525 мың теңгені құрады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив