A+ A A-

talgatzhan 31 13-02-2025, 11:10 0

Кімге және қанша: Өскеменде 2025 жылы мерекелер қарсаңында кімдер және қанша төлем алатындығы белгілі болды

Бүгін / Өскемен / Пайдалы

Белгілі бір санатқа жататын кей қала тұрғындары атаулы күндер қарсаңында біржолғы төлем түрінде әлеуметтік көмек алады. Мәселен, бұл қаржы ардагерлерге Жеңіс күнінде, көпбалалы отбасылар мен арнайы марапаты бар аналарға Халықаралық әйелдер күнінде беріледі. Сайт тілшісі биыл нақты кімге, қашан және қанша төленетінін анықтап көрді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми ақпаратты Өскемен қалалық мәслихаты ұсынды. Онда айтарлықтай өзгеріс жоқ. Мереке күндеріне арналған әлеуметтік көмек жылына бір рет ақшалай төлем түрінде көрсетіледі. Оның айлық есептік көрсеткішке қатысы жоқ. Себебі үш жыл бұрын төлем сомалары бекітілген болатын. Айта кетейік, аталған ақшалай төлемдер облыс орталығының тұрғындарына арналған. Өңірдің басқа қалалары мен аудандарында төлем алу шарттары өзгеше болуы мүмкін.

Қашан беріледі?

Биыл өскемендіктер жеті атаулы күннің аясында әлеуметтік төлемге ие бола алады:

15 ақпан – Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні;

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;

9 мамыр – Жеңіс күні;

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

30 тамыз – ҚР Конституциясы күні;

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

Кімге және қанша?

Өскемен қалалық мәслихатының мәліметінше, ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

15 ақпан – Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні:

  • бұрынғы КСРО-ның үкіметтік органдарының шешімімен басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдарға қатысқан Кеңес Армиясы, Әскери-теңіз флоты, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСРО Ішкі істер министрлігінің басшылары мен құрамына (соның ішінде әскери мамандар мен кеңесшілерге) – 100 000 теңге мөлшерінде;

  • әскери іс-қимылдар кезеңінде оқуға шақырылған және Ауғанстанға жіберілген әскери қызметшілерге – 100 000 теңге мөлшерінде;

  • әскери іс-қимылдар кезеңінде Ауғанстанға жүк жеткізу үшін жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне - 100 000 теңге мөлшерінде;

  • бұрынғы КСРО аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік міндеттерді орындауға ұшқан құрамның әскери қызметшілеріне - 100 000 теңге мөлшерiнде;

  • Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілеріне - 100 000 теңге мөлшерінде;

  • бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге  - 100 000 теңге мөлшерiнде;

  • Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 100 000 теңге мөлшерiнде.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні:

  • «Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар – 15 000 теңге мөлшерінде;

  • бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар, оның ішінде 23 жасқа толғанға дейін күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылар – 15 000 теңге мөлшерінде.

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні:

  • 1992 жылғы қыркүйектен 2001 жылғы ақпанға дейін Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған ҚР әскери қызметшілеріне - 100 000 теңге мөлшерінде;

  • 2003 жылғы тамыздан 2008 жылғы қазанға дейін Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясына бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 100 000 теңге мөлшерінде;

  • 1986-1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСРО ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 100 000 теңге мөлшерінде;

  • 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілерден басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға - 100 000 теңге мөлшерінде;

  • 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау және қоныстандыру аймақтарынан Қазақстан Республикасына эвакуацияланған (өз бетінше кеткен) адамдарға, оның ішінде эвакуация күні құрсақ ішінде болған балаларға - 100 000 теңге мөлшерінде;

  • Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек деп танылған адамдарға, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына - 70 000 теңге мөлшерінде.

9 мамыр – Жеңіс күні:

  • Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда ҰОС жылдарында майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде, бұрынғы КСРО-ны қорғау жөніндегі басқа да ұрыс қимылдары кезінде қызмет еткен әскери қызметшілерге, соғыс партизандары мен астыртын жауынгерлеріне – 1 500 000 теңге мөлшерінде;
    ҰОС кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектерге, атап айтқанда ҰОС әрекет етуші армиясы мен флотының әскери қызметшілеріне, партизандарға және астыртын жауынгерлерге, сондай-ақ ҰОС кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған жұмысшылар мен қызметшілерге – 1 500 000 теңге мөлшерінде;
    ҰОС көзеңінде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін, бұрынғы КСР Одағы iшкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдары белгіленген жеңілдік шарттармен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына есептелген қалаларда қызмет өткерген әскери кызметшілеріне - 100 000 теңге мөлшерінде;
    ҰОС кезінде соғыстағы армия құрамына берген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСРО ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының eрікті жалдама құрамаларының адамдары не сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген  жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген қалаларда болған адамдар - 100 000 теңге мөлшерінде;

  • ҰОС кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және теңізші ұлан ретінде болғандарға - 100 000 теңге мөлшерінде;

  • Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетел аумағында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құрамалар құрамында қатысқан адамдарға - 100 000 теңге мөлшерінде;

  • Бұрынғы КСРО Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, Теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының ҰОС кезінде әскери қызметшілер жағдайына келтірілген және ұрыс соғыстарының тылдағы шептері, флоттардың оперативтік аймақтары шегінде соғысушы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлері, сондай-ақ ҰОС бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында ұсталып қарусыздандырылған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелеріне - 100 000 теңге мөлшерінде;

  • Ленинград қаласын қоршау көзеңінде каланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға – 100 000 теңге мөлшерінде;

  • Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына - 100 000 теңге мөлшерінде;

  • ҰОС кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған адамның жұбайы немесе соғыс кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы  салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жәрдемақы бойынша теңестірілген адам, сондай-ақ қайтыс болған ҰОС қатысушының, партизанның, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтың қайта некеге тұрмаған жұбайына – 100 000 теңге мөлшерінде;

  • ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға - 100 000 теңге мөлшерінде;

  • 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 50 000 теңге мөлшерінде.

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні:

  • сот немесе «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өзге де тәртіппен саяси қуғын-сүргін құрбандары немесе саяси қуғын-сүргіннен зардап шекті деп танылған азаматтарға – 13 000 теңге мөлшерінде.

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:

  • 18 жасқа толмаған мүгедек балаларға (мүгедек баланың ата-анасының біріне немесе басқа заңды өкіліне) - 15 000 теңге мөлшерінде.

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні:

  • Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға - 200 000 теңге.

Аянат МҰРАТБЕКҚЫЗЫ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив