Өскемен қаласы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Андрей Муланың айтуынша, соңғы үш жылда қылмыс деңгейі төмендеген.
Тіркелген қылмыстар саны 5,2%-ға, аса ауыр қылмыстар 6,3%-ға, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру жағдайлары 38,5%-ға азайды. Оған қоса тонау мен бұзақылық фактілері де сирек кездеседі.
Алаяқтық фактілері 10,5%-ға, ал онлайн-алаяқтық 9,3%-ға төмендеген.
Учаскелік полиция инспекторлары өткен жылы 32 460 тәртіп бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. 52 665 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде 342 адам көлікті мас күйінде басқарса, бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған 23 адам көлік тізгіндеген.
Пікірлер