
Қазақстанда бухгалтерлік қызмет құны қанша тұрады
Қазақстанда есепші маманның қызметіне сұраныс артты, деп хабарлайды Buqara.kz kazinform-ға сілтеме жасап.
Бухгалтерлік қызмет құны кәсіби маманға, жұмыс ауырлығына, оның көлімі мен орындау мерзіміне байланысты әртүрлі болып келеді. Еңбек өтілі мол есепші көп ақы сұруы мүмкін, ал жас маманның тарифі өзге. Сондықтан есепші қызметіне жүгінген кезде ақшасына ғана емес, жұмыс сапасына баса мән беру керек.
Бір реттік кеңес үшін кәсіпкерлер бір ғана төлем жасайды. Ал бухгалтерлік және салық есебін жүргізсе, ай сайын жалақы төлейді. Саралау кезінде ірі фирмаларды емес, танымал сайттардағы ең арзан қызмет түрін салыстырып көрдік.
Елімізде есепші қызметі Астана мен Алматыда қымбат тұрады. Бір реттік кеңес алу мұнда кем дегенде 5 мың теңге деп бекітілген. Жеке кәсіпкердің бухгалтерлік есебін жүргізу екі қалада да 18 мың теңгеден басталады, ол ЖШС есебіне 55 мың теңгеден астам ақы сұрайды.
Содан кейінгі орында Ақтөбе, Атырау және Көкшетау тұр. Мұнда ең арзаны 5 мың теңгеден басталып, 9 мың теңгеге дейін жетеді. Еліміздің батысындағы екі қалада жеке кәсіпкердің бухгалтерлік есебін жүргізу қызметі 10 мың теңгеден, ал ЖШС-не 20 мың теңгеден басталады. Көкшетауда ЖК-ге қызмет 5 мың, ЖШС-не қызмет 15 мыңге және одан жоғары болып тұр.
Талдықорған, Түркістан, Өскемен, Петропавлда қызмет құны арзан да, қымбат та емес. Жетісу облысында кеңес алу құны 4-8 мың теңге тұрады. Ал жеке кәсіпкердің қызметін жүргізу 10 мың теңге, ЖШС-ін жүргізу 30 мың теңгеден басталады.
Еліміздің оңтүстігінде де есепші қызметі шамалас. Ал кеңес алу құны 3-8 мың теңге тұрады.
ШҚО мен СҚО-да бір рет қана кеңес алу құны 3 мың теңгеден басталып, 5 мың теңгеге дейін жетеді. Ал жеке кәсіпкер мен ЖШС-нің бухгалтерлік есебін жүргізу құны 10-15 мың теңге тұрады.
Қарағанды, Жезқазған, Шымкент, Ақтау, Қонаев, Қостанай, Павлодар мен Оралда бухгалтерлік қызмет құны өзгелерге қарағанда төмен. Бұл қалаларда есепшінің түрлі қызметі 2 мың теңгеден басталып, 8 мың теңгеге дейін жетеді. Тек бухгалтерлік есеп мен салық есебін жүргізу құнында өзгешелік бар.
Жеке кәсіпкерге қызмет көрсету 3-5 мың теңге аралығында тұрады. Ал Шымкентте бұл қызмет бағасы 10 мың теңгеден басталады. ЖШС-нің есебін жүргізу бұл қалаларда 10-15 мың теңге аралығында тұрады. Тек Орал мен Шымкентте айына 7 мың және 30 мың теңге сұрайды.
Қызылорда, Семей және Таразда бухгалтерлік қызмет құны төмен. Танымал сайттарда кеңес алу құны 2-5 мың теңге деп көрсетілген. Қызылордада жеке кәсіпкердің есебін жүргізу қызметі 5 мың, ЖШС-іне қызмет көрсету 10 мың теңгеден басталады. Семейде ЖК-ге 3 мың, ЖШС-ге 5 мың теңге сұрайды. Таразда ЖК есебін жүргізу 7-8 мың, ЖШС-іне қызметі көрсету 12 мың теңге тұрады.
Өткен аптада елімізде нотариус қызметі қанша тұратыны туралы жазған едік.
Соңғы жаңалықтарды ресми Instagram арнамыздан оқыңыз!
ТіркелуПайдалы

Руханият

Жұлдыз жорамал

Пікірлер