
Ozempic және Wegovy: арықтауға арналған препараттан қандай қауіп бар
Кейінгі уақытта Ozempic және Wegovy сияқты семаглутид негізіндегі препараттардың сирек кездесетін көз ауруы — артериялық емес алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатиямен (NAION) байланысы алаңдаушылық тудырып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform-ға сілтеме жасап.
GPP-1 рецепторларының агонистері қант диабетін емдеуге де, салмақ тастау үшін де танымал болған сайын, ғалымдар препараттың ықтимал жанама әсерін мұқият зерттеп жатыр. Жақында жүргізілген бірқатар зерттеу семаглютид пен NAION арасындағы ықтимал байланысты анықтады. Осы жағдай аталған препараттардың қауіпсіздігін одан әрі зерттеуге себеп табылып отыр.
Novo Nordisk NAION (артериялық емес алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатиямен байланысы) тәуекеліне қатысты позициясы Kazinform агенттігінің тілшісі Ozempic, Rybelsus және Wegovy шығаратын фармацевтикалық Novo Nordisk компаниясына семаглютид пен көзге байланысты жанама әсерлер, атап айтқанда NAION арасындағы ықтимал байланыс туралы өтінішпен жүгінген еді. Агенттікке жолдаған эксклюзивті ақпаратта Novo Nordisk ішкі қауіпсіздік бағалаулары мен сыртқы зерттеу нәтижелері туралы сауалдарға жауап берілген.
Олардың нәтижелеріне сәйкес, NAION — өте сирек кездесетін көз ауруы, ол семаглютидке негізделген препараттарға бекітілген нұсқаулықта жағымсыз реакциялар тізімінде жоқ.
— Оңтүстік Дания университеті жүргізген зерттеулерді, сондай-ақ біздің ішкі қауіпсіздік тексерулерімізді мұқият талдағаннан кейін, семаглютидтің қаупі өзгерген жоқ деп санаймыз, - деді Novo Nordisk.
Зерттеулер NAION салыстырмалы тәуекелінің екі еселенгенін көрсеткенімен, абсолютті тәуекел өте төмен. Бір зерттеу көрсеткендей, жыл бойы семаглутид қабылдаған 10 000 адамның ішінде NAION екеуінен байқалды, ал семаглутидті қабылдамаған топта аталған көрсеткіш 10 000 адамның ішінен біреуінде ғана болды. Бұл нәтижелер салыстырмалы түрде тәуекелдің барына қарамастан, іс жүзінде аз екенін көрсетеді. Сонымен қатар, семаглутидті қабылдау мен NAION дамуы арасында байланыс жоқ.
— Біздің ішкі қауіпсіздік талдауымыз және рандомизацияланған бақыланатын клиникалық сынақтар, соның ішінде соқыр әдісті қолданған офтальмологтың бағалауы NAION жағдайларының өте аз расталғанын анықтады. Осыған сүйене отырып, біз дәрі-дәрмекпен байланысты тәуекелдің жоғарылауын көрмейміз, - деді Novo Nordisk.
Ғылыми қызығушылық пен зерттеу
Артық салмақтан арылу және қант диабетін емдеу үшін кеңінен қолданылатын GPP-1 агонистерінің ықтимал жанама әсері туралы алаңдаушылықтың артуына байланысты соңғы зерттеулер, яғни 2024 жылдың шілдесінде JAMA Ophthalmology журналында жарияланған жұмыс семаглютид пен NAION арасындағы ықтимал байланысты көрсетеді. Сол журналдағы тағы бір зерттеу семаглутидті немесе тирзепатидті қабылдау кезінде пациенттердің көру қабілеті бұзылған 9 жағдайды сипаттады. Олардың ішінде 7 адамда NAION дамыды, біреуі көздің инсультына ұшырады, ал екіншісі көру қабілетін жоғалтпаса да, екі оптикалық жүйкенің ісінуіне алып келді.
Джон А. Моран көз орталығының офтальмологы Брэдли Катц және зерттеудің жетекші авторы GPP-1 препараттарының әсерін одан әрі зерттеудің маңыздылығын атап өтті.
— Бұл препаратты көптеген адам қабылдайтындықтан, олардың көзге және дененің басқа бөліктеріне әсерін бақылау өте маңызды, - деді ол.
2023 жылы АҚШ халқының 2-3% аталған препараттарға рецепт алды, демек оның қауіпсіздігін одан әрі бақылау қажет.
Семаглютид — ұйқы безінің инсулин шығаруын ынталандыру арқылы жұмыс істейді, қандағы қант деңгейін реттеуге көмектеседі. Қант диабетін емдеуден басқа, ол тәбетті төмендетеді және ас қорытуды баяулатады, дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділікпен бірге салмақ жоғалтуға ықпал етеді. Алайда, кез келген дәрі-дәрмек сияқты кері әсері болуы мүмкін, осы орайда дәрігермен кеңесу керек.
Novo Nordisk компаниясы үшін пациенттердің қауіпсіздігі — негізгі басымдық.
— Біз жанама әсерлер, соның ішінде көз аурулары туралы барлық есепке байыпты қараймыз. Бұл жағдайлар қант диабетімен ауыратын адамдарда белгілі асқыну және семаглутидті қабылдауды бастау туралы кез келген алаңдаушылықты дәрігермен талқылау керек, - деп толықтырды компания.
Салмақ тастаудың балама әдістері
GPP-1 рецепторларының агонистерінен басқа, адамдар арықтау үшін әртүрлі тәсілді қолданады. Жалпы әдістердің қатарына диетаны өзгерту, соның ішінде калорияны шектеу, аралық ораза және төмен көмірсутекті диеталар жатады. Салмақты азайтуда күш пен кардио жаттығулар маңызды рөл атқарады. Ал кейбіреулер салмақ жоғалтуға арналған дәрі-дәрмекті жақсы көреді немесе үлкен өзгерістер үшін бариатриялық хирургияға жүгінеді. Осы орайда мінез-құлық терапиясы және өмір салты бойынша коучинг пайдалы әдеттерді қалыптастыруға ықпал етеді. Артық салмақты тастау стратегиясын таңдау жеке қажеттіліктерге негізделіп, медициналық мамандардың басшылығымен жүргізілуі керек.
Осы материалдың ағылшын тіліндегі түпнұсқасын сілтемеге өтіп оқуға болады.
Еске сала кетсек, өткен жылы салмақ тастаушылар арасында танымал Ozempic препараты туралы жазған болатынбыз.
Соңғы жаңалықтарды ресми Instagram арнамыздан оқыңыз!
ТіркелуПайдалы

Руханият

Жұлдыз жорамал

Пікірлер