A+ A A-

talgatzhan 28 18-02-2025, 10:30 0

Серебрянск арнайы мектебінің балалары «Торпедо» матчын тамашалап қайтты

Бүгін / ШҚО / Спорт

Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері плей-офф сериясында «Торпедо» хоккей клубының матчына барды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Балалар спорттық аренада болып, Өскемен мен Ақтөбе командалары арасындағы ойынды тамашалады.

Үлестірілген тәттілер ойынның жағымды сәтін толықтыра түсті. Балалардың бұл турнирге сапарына «Казцинк» қолдау көрсетті.

– Хоккей матчы балаларға жарқын эмоциялар сыйлағанына сенімдімін, – деп атап өтті компанияның әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Лазарев. – Спорт – бұл дене тұрғысынан ғана даму емес, сонымен бірге бір-бірін қолдай білу, командада жұмыс істеу және нәтижеге жету. Бәлкім, осы ойыннан кейін балалардың бірі өзін хоккейде немесе басқа спорт түрлерінде сынап көргісі келетін шығар. Бұл олар үшін жаңа, өте қызықты және маңызды жайттың бастамасы болуы мүмкін.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив