Облыс орталығында жүк көліктерінің аккумуляторларын заңсыз иемденді деген күдікпен үш жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұған дейін полицияға қала тұрғыны жүк көлігінен аккумулятордың ұрланғаны туралы хабарлаған. Оның айтуынша, көлігін түнгі уақытқа үйінің маңында қалдырып кеткен, алайда таңертең аккумулятордың жоғалғанын байқаған.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында үш күдікті ұсталды. Тергеу нәтижесінде олардың осыған ұқсас алты қылмысқа қатысы бары дәлелденді.
Күдіктілердің бірі қылмысты алдын ала жоспарлағандарын мойындаған. Олар жұма күндері жүк көліктерін бақылап, қараусыз қалғандарын таңдап отырған. Түнгі уақытта аккумуляторларды ұрлап, бірден металл қабылдау орындарына өткізіп отырған.Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 1 миллион теңгені құрайды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатысы тексерілуде.
Пікірлер