453.64 508.17 5.59
A+ A A-

Өскемен қаласының ТҮКШ және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы тағайындалды

Өскемен қаласының ТҮКШ және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы тағайындалды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Қала әкімі Алмат Ақышовтың өкімімен Ибраев Ержан Болатұлы Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ержан Болатұлы 1991 жылы Өскемен қаласында туған. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Көлік қозғалысын ұйымдастыру, тасымалдау және пайдалану» мамандығы бойынша білім алған. «Автомобиль жолдарын мониторингілеу және диагностикалау» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі дәрежесіне ие.

2016 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас маман, сектор басшысы, бөлім басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив