“AMANAT” партиясының ШҚОФ жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту бойынша “Miras” өңірлік кеңесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жиында кеңестің жаңа мүшелері таныстырылып, 2025 жылға қойылған мақсат-міндеттер талқыланды.
“Miras" өңірлік кеңесі мәдениет, өнер, бірлік пен келісім, сондай-ақ облыста тілдердің қолданылуы мен дамуы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі консультативтік-кеңесші орган саналады.
Күн тәртібінде бірқатар мәселе талқыға салынды. Атап айтқанда, “Miras» кеңесінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары, “AMANAT” партиясының “Халықпен біргеміз” сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік Жол картаның 46 тармағын орындау, яғни мәдениет нысандарын салу және жөндеу, мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесін арттыру жайлы сөз болды.
Пікірлер