A+ A A-

talgatzhan 31 20-02-2025, 17:45 0

«AMANAT» партиясы: Әлеуметтік мәселелер шешімін табуы тиіс

Бүгін / Өскемен

«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалында отбасы және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өңірлік кеңес отырысы өтті. Жиында халықтың әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтік мәселелерді шешу бағытындағы бірқатар маңызды тақырыптар қаралды, деп хабарлайды деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Атап айтсақ, қоғамдағы осал топтар арасында өрттің алдын алу шараларын күшейту, және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек арнайы әлеуметтік көмектер көрсету сияқты маңызды сқрақтар көтеріліп басқарма өкілдердің осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстары бойынша баяндамалары тыңдалды.

«Қоғамдық кеңестің отырыстарында қаралған мәселелердің жүйелі шешімін табуы қажет. Айтылған сұрақтар осы жерде қалмауы тиіс. Біз азаматтардың мәселелерінің шешімін тауып елдің әл-ауқатының жақсаруына жұмыс жасауымыз керек. Партия сайлаушылар алдында берген уәделердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстайды»,- деп атап өтті жиынға қатысқан AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Аманбай Нуркенов.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстар берілді. «AMANAT» партиясы азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдап, олардың жүзеге асырылуын бақылауда ұстайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив