A+ A A-

talgatzhan 0 20-02-2025, 15:30 0

Қазақстанда ет бағасы өсе ме – АШМ жауап берді

Бүгін / Республика

Қазақстанда ет бағасының күрт өсуіне негіз жоқ. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinfom-ға сілтеме жасап.


Вице-министр былтырдың қорытындысы бойынша 1,1 млн тоннадан астам сиыр еті мен қой еті өндірілгенін, бұл көрсеткіш ел ішіндегі сұранысты толық өтейтінін атап өтті.

— 2024 жылдың қорытындысына қарасақ, өндіру көлемі шамамен 4 пайызға, оның ішінде сиыр еті 2 пайыздан астам деңгейге өсті. Бұл бағыттағы іс-шаралар халықтың етке деген сұранысын толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді, сондықтан ет бағасының өсуіне негіз жоқ, - деді Е. Кенжеханұлы Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, ет бағасының көтерілуіне Өзбекстан жағынан болған жоғары сұраныс әсер еткен.

- Бірақ соңғы аптада байқағанымыздай, баға тұрақтанды және қазір өсімнің басқа факторларын көріп тұрғанымыз жоқ, - деді вице-министр.
Сонымен қатар ол қазіргі кезде мал шаруашылығымен айналысатын фермерлерге 5 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыруды бөлу қарастырылып жатқанын атап өтті.

- Бұл қадамдар елімізде ет өндіруді одан әрі ынталандырады. Қазір сиыр етінің бағасы келісіне шамамен 2700-3000 теңгені құрап тұр», - деді Ермек Кенжеханұлы.
Бұған дейін хабарланғандай, вице-министр елімізде сәбіздің жаппай бүлінуі деректері анықталмағанын мәлім етті.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив