A+ A A-

talgatzhan 31 21-02-2025, 11:00 0

Өскеменде 120 көше шамы тұманға қарсы режимге ауыстырылды

Бүгін / Өскемен

Пермитин, М.Горький және С.Нұрмағамбетов көшелеріне сары түске ауысып, тұманды таратуға мүмкіндік беретін 120 шам орнатылды, деп хабарлайды деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Барлық көлік жүргізушілері тұман кезінде көше шамдарының ақ түсі кедергі тудыратынын жеткізеді. Қазір біз орнатқан 300 Вт-тық шамдардың 150 Вт-ы - ақ, 150 Вт-ы - сары. Сары жарық тұманды тарататынын барлық жүргізушілер біледі, - дейді «КЭМОНТ» АҚ қызмет көрсету мекемесінің маманы Дамир Шарипов.

Белгілі болғандай, барлық шам бір жүйеге қосылып, бағаналар нөмірленген. Сигнал басқару шкафы арқылы шамдарға және кері беріледі, кейін ол диспетчердің басқару пультіне түседі. Осылайша, оператор шамдардың жұмысын бақылай алады. Қандай да бір мәселе туындаса, ақауды жою үшін мамандар жіберіледі. 

Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, бұл өзгерісті қаладағы басқа да жарық шамдарына енгізеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив