Тоқты
Тоқтылар биыл нақты бір жетістікке жету үшін бар мүмкіндігін пайдаланып бағады. Өкінішке қарай, қанша жерден тырысып баққандарымен кейде сәтсіздікке ұшырайды. Мұндайда қосымша жоспар бекітіп жүрген дұрыс.
Торпақ
Көп ұзамай бір құпияның ашылары сөзсіз, тіпті, тылсым жағдаймен жолығуыңыз мүмкін. Осы уақыт ішінде жаңа таныстықтар орнатып, көзқарастарыңыз сәйкес келмейтін жандармен ат құйрығын кесісіп үлгересіз.
Егіздер
Әмияныңызға жиі көз тастайсыз. Әсіресе бала-шағаңызды ертіп, дүкен аралап шықсаңыз көңілде әлдеқандай сенімсіздік көрініс береді. Қаражат жағынан қиналыңқырап жүрсеңіз қосымша жұмыс қарастыра жүрген жөн.
Шаян
Жұлдызнамасы Шаян нәзік жандылардың сырт келбеттеріне мән беретін уақыт жетті. Сән салонынан бастап, фитнесс-орталықтарға барып тұрған артық етпейді. Күш-қуатыңыз сарқылмас үшін аз-аздан жиірек тамақ ішіңіз.
Арыстан
Қазір бойыңызға қуат құйылып, жеме-жемге келгенде қарсылас шыдатпайтындай күйде жүресіз. Мұның бір себебі, көптен бері іске аспай жүрген шаруаңыз аяқ асты тәмамдалып, ісіңіздің ілгерілей түсуі.
Бикеш
Ең жақын деген достарыңыздың өзіне сын көзбен қараңыз. Жұлдыздар оларды ойламаған жерден опасыздық жасайды деуден аулақ, тек бар сырыңызды бекерге ақтармасын дегендері.
Таразы
Мәнсап баспалдағымен көтерілемін деп төменге жиі сырғисыз. Тіпті, қазір алдағы уақыттары бас қатыратын түйткілге айналатын оқыс шешім қабылдауыңыз ғажап емес. Не де болса жан-жақты сақ болыңыз.
Сарышаян
Өз биігіңізден түспеңіз. Іскерлік бағыттағы Сарышаяндардың асығы алшысынан түсіп, осыған дейін батқан «былықтарынан» біртіндеп шыға бастайды. Әлдеқайдан шабыт келіп, ғұмырыңызға деген көзқарас өзгеріп сала бермек.
Мерген
Тұрмысқа шыққанда «есеппен» отау құратын Мергендер күтпеген жерден қателесулері мүмкін. Жұлдыздар осылай деп болжап, айдың бел ортасына жеткенде оң өзгерістер болатындығына бек сенімді.
Тауешкі
Кейде табысқа қалай жету керектігін алдын ала сезетіндейсіз. Көбі бұл қасиетіңізге қызыға қарайды. Әріптестеріңіз, сүйіктіңіз һәм достарыңыз бір мезетте көмек сұраса, әрбірінің базынасына құлақ аса білетін стратег екеніңіз тағы бар.
Суқұйғыш
Жұмыс пен отбасы аралығын теңдей ұстай біліңіз. Таразы басы бір жаққа ауып кетсе жағдайды реттеу оңай болмайды. Қаржылық қиындықтар сізді сырт айналып өткен соң бір сәт көңіл көтеріп қайтуға болады.
Балықтар
Бірнәрсені өзгертіп, әлденені ойлап табуға ерекше құмартасыздар. Кейде позитивті өзімшілдікке салынып, тек өз ойлағаныңызды іске асырғыңыз келеді. Онда тұрған ештеңе жоқ, қолға алсаңыз ештеңе қарамай соңына дейін жеткізіңіз.
Пікірлер