453.64 508.17 5.59
A+ A A-

Өскемен - Үлкен Нарын бағытындағы автобус іске қосылды

Өскемен - Үлкен Нарын бағытындағы автобус іске қосылды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Бұл туралы ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

21 ақпаннан бастап төмендегі кесте бойынша «Өскемен - Үлкен Нарын» тұрақты маршруты жаңартылды. 

- Өскемен қаласынан шығу (Абай көшесіндегі автобекеттен) сағат 15:00-де;

- Үлкен Нарын ауылынан шығу (Огнева, 54 көшесіндегі жолаушыға қызмет көрсету пунктінен) сағат 7:00-де.

Жол жүру ақысы ересектер үшін 3 500 теңге. 15 жасқа дейінгі балалар үшін 50% жеңілдік бар. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көпбалалы аналар, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар, I топтағы мүгедектер үшін жол жүру тегін.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив