Қаладағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Еңбекқорлық - қоғамның өркендеу кепілі» атты форум өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шараға түрлі сала өкілдері мен арнайы спикерлер қатысып, колледж студентеріне өз мамандықтарының жай-күйі, артықшылықтары туралы әңгіме өрбітті. Форсайт-форумды өткізу жастардың стереотиптері мен көзқарастарын өзгертуге, өз мамандықтары бойынша белгілі бір биіктерге жеткен, құрметке лайық және өз жұмысын таңдайтын немесе бастайтын жастарға үлгі бола алатын жұмысшы кәсіптері мен еңбек адамдарын танымал етуге бағытталған.
- Жыл көлемінде аталған мамандық жылына байланысты түрлі іс-шаралар ұйымдастыратын боламыз. Бүгінгі форум да соған байланысты. Мұнда жұмысшы мамандық өкілдері өздерінің салалары бойынша студенттер мен қатысушыларға шағын лекция оқып, сол мамандыққа деген қызығушылықтарын оятты, - дейді кітапхана өкілдері.
Бұдан бөлек, кітапханада келушілерге арналып кітап көрмесі және фотоаймақ ұсынылды.
Өскемен жылу электр орталығының маманы Сырым Жанұзақ бұл орталықта 11 жылдан артық қызмет етіп келе жатқанын жеткізді.
- Өткізіліп отырған форум тек жастарға ғана емес, ересектерге де пайдасы зор. Жұмысшы мамандықтары қоғамның бір тетігі іспетті. Өзім ЖЭО-да жұмыс істеймін. Осы орайда өз салама өңір жастарын шақырамын. Аталған жиын түрлі мамандықтарға деген жасөспірімдерді қызығушылығын арттыруға үлкен септігін тигізеді, - деді ол.
Пікірлер