A+ A A-

talgatzhan 30 25-02-2025, 14:30 0

Өскемендегі 25-ші шағын ауданда трансформаторлық қосалқы станса орнатылуда

Бүгін / Өскемен

25-ші шағын ауданда толық трансформаторлық қосалқы стансаларды орнату және қосу бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«КЭМОНТ» АҚ №2 монтаждау учаскесінің мастері Олег Сидоров қазіргі кезеңде мұнда 10 кВ жоғары жағы және төменгі жағы 0,4 кВт тұратын екі блокты трансформаторлық қосалқы станциясының модульдік ғимараты құрастырылып жатқанын айтты. Қосалқы станция тұйықталған қорғаныспен жабдықталған және автоматтандырылған, бұл үздіксіз электрмен жабдықтауға кепілдік береді. Бұл сонымен қатар жүйенің сенімділігін және шағын аудандағы үйлерді тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

Айта кетерлігі, 25-ші шағын аудан өндірістік аймақтардан шалғай орналасқан, бұл оны тұрғын үй кешенін салуға таптырмас аумақ деп айтға болады. Жаңа қосалқы стансаларды орнату тұрғындарды сапалы электрмен жабдықтауға ғана емес, сонымен қатар барлық көшелерді жарықтандыруға, су құбырының жұмысына кепілдік береді – сайып келгенде, сорғылардың жұмысы да электр қуатына байланысты, бұл өмір сүрудің жайлылығы мен қауіпсіздігін айтарлықтай арттырады.

Еске салайық, қала маңындағы аталмыш шағын ауданда барлығы 41 қосалқы станция орнатылса, алғашқы 400 Ква-ты 10 БМҒ қазірдің өзінде тұтынушыларды тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етуге толығымен қауқарлы. 

Барлық жабдық, сондай-ақ БМҒ аймақтың жетекші электрмонтаж кәсіпорны – «Кэмонт» АҚ зауытында шығарылған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив