A+ A A-

talgatzhan 30 26-02-2025, 11:00 0

Биыл Қазақстанда 100 базар жаңаланады

Бүгін / Республика

Қазақстанда биыл базарларды жаңғырту жұмысы басталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мұндай жаңалықты Сауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков хабарлады. 

– 2025 жылы 100 базарды жаңғырту жоспарланып отыр. Жол картасына сәйкес, базарларды жаңғырту бойынша құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, яғни, эскиздік жобалар мен жобалау-сметалық құжаттар әзірленуде. Қажетті құжаттар келісіліп, бекітілуде, топотүсірілім жүргізіліп, сондай-ақ аумақтарды қоршау, қойма үй-жайларын бұзу және тағы басқа жұмыстар істеліп жатыр. Сауда базарларының жай-күйін бағалау үшін министрлік өкілдері ақпан, наурыз және сәуір айында базарларды аралайды. Сапар барысында барлық өңірдің базарларына егжей-тегжей түгендеу жұмысы жүргізіледі, – деді ол.

Комитет төрағасының сөзінше, базарларды жаңғырту жұмыстары жергілікті әкімдіктермен, Мемлекеттік кірістер комитеті, төтенше жағдайлар қызметі, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы және санэпидемиологиялық қызмет өкілдерімен бірлесіп жүргізіледі.

Биыл жаңғыртылатын базарлар:
Астана қаласы – 7 базар;
Алматы қаласы – 10 базар;
Абай облысы – 3 базар;
Ақмола облысы – 1 базар;
Ақтөбе облысы – 2 базар;
Алматы облысы – 11 базар;
Атырау облысы – 4 базар;
ШҚО – 3 базар;
Жамбыл облысы – 3 базар;
Жетісу облысы – 6 базар;
БҚО – 14 базар;
Қарағанды облысы – 5 базар;
Қостанай облысы – 4 базар;
Қызылорда облысы – 4 базар;
Маңғыстау облысы – 5 базар;
Павлодар облысы – 8 базар;
Түркістан облысы – 8 базар;
Ұлытау облысы – 2 базар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив