Облыс орталығының алты тұғрыны полицияға жүгінген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, қала тұрғынының бірі анасының байланыс нөмірін беріп, жеңілдетілген бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесетінін айтқан.
Жәбірленушілер әйелге ірі көлемде ақша аударған.
Алайда алаяқ уәдесін орындамай, керісінше жоғалып кеткен.
Жалпы шығын сомасы 56 миллион теңгені құрады.
Полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Күдікті анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Пікірлер