453.64 508.17 5.59
A+ A A-

Қазақстандағы "ең бай зейнеткер" қанша алады?

Қазақстандағы "ең бай зейнеткер" қанша алады? [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстандағы ай сайынғы төлемнің максималды сомасын атады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Қордың ақпаратына сәйкес, елдегі "ең бай зейнеткер" айына 993 040 теңге алады. Қаңтар айында ай сайынғы максималды төлем сомасы 945 752 теңге болғанын атап өтейік. 

Сонымен қатар, қордағы орташа айлық төлем сомасы 35 523 теңге (қаңтар айында 33 906 теңге) болды. 

2025 жылғы 1 ақпанда Қазақстанда 17,24 миллион зейнетақы шоты тіркелген.

Қазақстандықтардың зейнетақы активтері қордағы зейнетақы шоттарында 22,64 триллион теңге болды. Соңғы 12 айда зейнетақы активтері 4,52 триллион теңгеге (немесе 25 пайызға) өсті, - делінген хабарламада.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив