A+ A A-

talgatzhan 56 26-02-2025, 15:30 0

Өскеменде облыстық семинар өтті

Бүгін / Өскемен

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен “Мемлекеттік тіл - қоғамдық қатынаста” тақырыбында семинар отырысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған шарада мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлі мен маңызы туралы мәселелер көтерілді. Семинарға облыстық мәдениет басқармасы, облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты, Өскемен қаласы бойынша патрульдік полиция бөлімшесі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, ҚР ҰҚК ШҚО бойынша шекара департаменті, облыстық сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті мен С.Аманжолов атындағы ШҚУ өкілдері қатысты. 
ШҚО Мәдениет басқармасының басшысы Самат Қасеновтің айтуынша, семинардың басты мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы ұсыныстарды талқылау.
- Мемлекеттік саясаттың негізгі бөлігі - Қазақстан халқы тілдерін үйренуге және дамытуға жағдай жасау. Оның ішінде тіл саясатын іске асыру маңызды рөл ойнайды. ҚР Заңының 7 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. 2023 жылы Үкіметтің қаулысымен тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Барлығыңыз білетіндей, 2023 жылы облыста тіл саясатын дамытудың  іс-қимыл жоспарын бекітті. Соңғы жылдары елімізде мемлекеттік тілде қызмет алуға сұраныс артты, - дейді ол. 
Шараға қатысушылар құқық қорғау, білім беру, денсаулық сақтау сынды салада жиі кездесетін мәселелердің алдын алып, азаматтар арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру туралы ойларын ортаға салды.  
- Мемлекеттік тіл мәселесі қашан да өзекті саналады. Біздің қоғамдық бірлестіктің мүшелері осы тақырып төңірегінде бірнеше рет жиын өткізген еді. Сөздіктер жасауды да қолға алдық. Жасыратыны жоқ, қазақ ұлтының кей азаматтары да қазақ тілінде сөйлемейді. Мектеп оқушылары қоңырау уақытында бір-бірімен орысша араласады. Мұның барлығы отбасындағы тәрбиеден бастау алады. Міне, осы мәселелерді қоғам назарына ұсынып, шешу жолдарын қарастыру қажет, - деді “ШҚ Рухани ханымдар” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мараш Зияшқызы.

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив