
Өскеменде баланы балабақша кезегіне қалай қою керек?
Соңғы жылдары балаларды мектепке дейінгі мекемелерге қабылдау жүйесі бірнеше рет өзгерді. Тіркеу әртүрлі сайттарда жүргізілген еді. Сондықтан ата-аналар тарапынан түрлі сұрақтар туындап жатады. Сайт тілшсі осы тақырыптағы өзекті мәселелерге тоқталып өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өтінімді қалай береді?
Қазақстан Республикасында balabaqsha.snation.kz электронды порталы жұмыс істейді. Мұнда балалар мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке тұрып, балабақшаға қабылдауға жолдама ала алады. Balabaqsha.snation.kz басты бетінде:
бос орындардың бюллетеньдері;
-
мектепке дейінгі ұйымдарға кезек;
-
балабақшалардың анықтамалығы;
-
статистика;
-
пайдаланушы пікірлері орналастырылған.
Ең алдымен сайтқа тіркелу керек. Содан кейін баланы тізімге қосып, өтініш беруге болады. Бұл «Жеке кабинет» арқылы жүзеге асырылады.
Баланы жүйеге қосу үшін «Менің балаларым» мәзіріне өтіп, «Баланы қосу» түймесін басу қажет. ЖСН, жынысы, ұлты сынды деректерді толтырып, «Сақтау» түймесін басу керек.
Енді ата-ана баласын кезекке қоюға өтініш бере алады. Ол үшін «Жеке кабинеттегі» «Қолданбалар» мәзіріне өту керек. «Өтінішті қосу» бөліміне баланың жеке деректері енгізіліп, топтың түрі, оқу тілі, тұрғылықты мекенжайы толтырылады. Қолданушының әлеуметтік мәртебесі автоматты түрде шығады. Барлық процесс тек электронды форматта өтеді.
Balabaqsha.snation.kz порталындағы кезек өтініш берген күні бойынша қалыптасады. Нұсқауларға сәйкес кей өтініш берушілер белгілі бір басымдыққа ие болуы мүмкін. Атап айтқанда,
-
арнаулы мемлекеттік органдардың қызметшілері;
-
әскери қызметшілер;
-
фельдъегерлік қызмет өкілдері;
-
құқық қорғау органдары қызметкерлерінің балалары кезектен тыс басымдыққа ие.
-
мүмкіндігі шектеулі адамдардың;
-
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған;
-
көпбалалы отбасыдан шыққан;
-
жетімдер;
-
ерекше білім беру қажеттіліктері бар;
-
мұғалімдердің балалары бірінші кезектегі басымдыққа ие.
Вalabaqsha.snation.kz порталында техникалық үзілістерді қоспағанда, өтінімдерді тәулік бойы беруге болады. Орындар кез келген уақытта бөлінуі мүмкін. Ал өтінім беру үшін электрондық цифрлық қолтаңба талап етілмейді.
Қандай құжаттар қажет?
«Мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары» 2-қосымшаның 8-тармағына сәйкес мынадай құжаттар қажет:
-
№ 065/у нысанындағы профилакткиалық екпе картасы;
-
№ 052-2/у нысанындағы «Баланың денсаулығы паспорты» анықтамасы;
-
№ 027/у нысанындағы анықтама;
-
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін: ПМПК қорытындысының электрондық көшірмесі;
-
бірінші кезектегі басымдыққа ие балалар үшін: әскери қызметшінің немесе арнаулы мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары қызметшісінің жұмыс орнынан берілген, уәкілетті тұлғаның қолымен және мөрімен куәландырылған анықтаманың электрондық көшірмесі (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);
-
ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған педагогтің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай бойы жарамды).
Айта кетейік, Өскемендегі 89 балабақшаның 72-сінде кіші топ бар. Ал мектеп жанындағы шағын орталықтар балаларды тек үш жастан қабылдайды.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Соңғы жаңалықтарды ресми Instagram арнамыздан оқыңыз!
ТіркелуПайдалы

Руханият

Жұлдыз жорамал

Пікірлер