Өскемен қаласында қоқыстан шақалақтың денесі табылып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шақалақтың денесін куәгерлер 23 ақпан күні қоқыстан тауып алып, полицияға хабар берген. Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.
- Жедел іс-шаралар барысында жаңа туған нәрестенің анасы анықталды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Бейресми мәліметтерге сүйенсек, анасы баласын қоқысқа өзі тастаған.
Пікірлер