Қазіргі таңда автобустарда жаңа төлем жүйесін орнату басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тұрғындарға жеңілдікпен жол жүруге арналған карталар шығарылуда. Оларды қайдан алуға болатыны қосымша хабарланады.
- Наурыз айының соңына дейін жеңілдікпен жүретіндерге карталар жасап, таратуымыз керек. 15 наурыздан кейін “Onay” карталарын сату орындары ашылады. Тұрғындар оны сатып ала алады немесе қолданбаны жүктей алады. Сауда нүктелерінің мекенжайлары кейінірек белгілі болады. Жүйе сәуір айында жұмыс істей бастайды деп күтілуде. Бірақ алдымен сынақ режимінде іске қосылады, - деді ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Рашид Шерубаев.
Карталарды банктік қосымшалар арқылы толтыруға болады. Әрқайсының өз нөмірі болады.
Ал қазіргі қолданыстағы карта теңгерімінде ақша қалса, Жолаушылар тасымалдауды басқару орталығына жүгіну керек. Жаңа жүйе іске қосылғаннан кейін қоғамдық көліктерден банктердің QR коды алынып тасталады.
- Жаңа жүйенің жеке QR коды бар, төлем қосымша арқылы жүзеге асырылады. Жүйе іске қосылмай тұрып, тұрғындарға алдын ала хабарланады. “ONAY” қосымшасында жолаушыларға қажет ақпараттың бәрі болады, - дейді Рашид Шерубаев.
Пікірлер