A+ A A-

talgatzhan 34 28-02-2025, 14:00 0

Өскеменге үш жаңа трамвай әкеледі

Бүгін / Өскемен

Трамвай паркі 780 миллион теңгеден астам сомаға вагон сатып алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мемлекеттік сатып алу порталында жалпы сомасы 784 179 000 теңгеге (ҚҚС-сыз) үш вагон сатып алуға лот жарияланды. Тапсырыс беруші - «Өскемен қаласының көлік компаниясы» ЖШС.

Техникалық ерекшеліктерге сәйкес бір вагондағы жалпы орын саны 30-дан 33-ке дейін, номиналды сыйымдылығы 110 адам, максималды сыйымдылығы 160 адам болуы керек. Барлық трамвайлар мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жабдықталуы тиіс. Сондай-ақ вагондар бейнебақылау жүйесімен жабдықталуы қажет. Мердігер жол ақысын төлеу жүйесін орнату үшін трамвайларды дайындауы керек.

Құжаттамаға сәйкес, вагондар тапсырыс беруші өтініш қалдырған күннен бастап 120 күннен кешіктірілмей жеткізілуі тиіс. Жеткізуші - «Агро Бизнес Казахстан» ЖШС.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив